2015 жылғы 13 наурыз, Астана қаласы
Көмірсутек шикізатына, көмір және уранға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның ережесін бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымындағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 27-4)-тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Көмірсутек шикізатына, көмір және уранға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзiмдi баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В.ШКОЛЬНИК.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
2015 жылғы 13 наурыздағы №187 бұйрығымен бекітілген
Көмірсутек шикізатына, көмір және уранға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Көмірсутек шикізатына, көмір және уранға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның ережесі Қазақстан Республикасы бойынша көмірсутек шикізаты, көмір мен уранға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың (бұдан әрі – Комиссия) міндеттерін, функцияларын, құқықтары мен жұмыс тәртібін анықтайды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес көмірсутек шикізаты, көмір мен уран бөлігінде пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурс өткізу және оның жеңімпазын айқындау мақсатында құрылған тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері, функциялары мен құқықтары
4.Комиссияның негізгі міндеттері:
1) көмірсутек шикізаты, көмір мен уран бөлігінде пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныстарды қарау және бағалау;
2) көмірсутек шикізаты, көмір мен уран бөлігінде пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысушылардың ішінен жеңімпазды анықтау болып табылады.
5. Комиссияның функциялары:
1) конкурстық ұсыныстардың уақтылы және сапалы қаралуын қамтамасыз ету;
2) ұсынылған конкурстық ұсыныстарды объективті және жан-жақты бағалау болып табылады.
6. Комиссияның:
1) конкурсқа қатысу үшін тапсырылған конкурстық ұсыныстарды бағалауға, салыстыруға;
2) конкурс жеңімпазын анықтауға;
3) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген негіздер бойынша конкурсты өтпеген деп тануға;
4) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, өзге адамдардан қажетті ақпаратты сұратуға;
5) отырыстарда Комиссия мүшелерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдерін, өзге де адамдарды тыңдауға;
6) Заңда белгіленген негіздер бойынша конкурстық ұсынысты кейінге қалдыруға;
7) қажет болған кезде тиісті салалардағы мамандардың ішінен сарапшыларды тартуға;
8) Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комиссияның жұмыс тәртібі
7. Комиссияны төраға басқарады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
8. Комиссия жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
9. Комиссияның жұмыс органының міндетін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Жер қойнауын пайдалану департаменті жүзеге асырады.
10. Комиссия хатшысы конкурстық ұсыныстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес күнтізбелік күн ішінде бұл туралы жер қойнауын пайдалану объектісі мен өтініш берушілер тізімін көрсете отырып, Комиссия төрағасын, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасарын хабардар етеді.
11. Комиссия отырыстары оған комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады.
4. Комиссияның тендер өткізудегі жұмыс тәртібі
12. Комиссияның конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашу бойынша отырысында Комиссия хатшысы отырыстың әрбір қатысушы Комиссия мүшесіне конкурстық ұсыныстар көшірмесі салынған пакеттің бір данасын береді.
13. Комиссиямен конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашу Комиссия мүшелерінің жай көпшілігі және өтініш білдірушілердің уәкілетті тұлғасының қатысуымен жүргізіледі.
14. Комиссия мүшелері конкурстық ұсыныстар көшірмесі салынған пакетті алғаннан кейін өз бетімен ашады.
15. Комиссияның хатшысы осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашу хаттамасын ресімдейді.
16. Конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашу хаттамасына комиссияның отырысқа қатысқан барлық мүшелері қол қояды.
17. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін Комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың жеңімпазын анықтау бойынша Комиссияның отырысы болатын күнді, уақытты және орынды белгілейді.
18. Комиссия мүшелерінің алынған конкурстық ұсыныстарды зерделеу нәтижелері бойынша Комиссияның қатысып отырған әрбір мүшесі қаралған жер қойнауын пайдалану объектілері бойынша осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дауыс беру парақтарын толтырады және Комиссияның хатшысына жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың жеңімпазын анықтау бойынша комиссия отырысы өтетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.
19. Комиссия шешімі дауыс берушілер санының көпшілігінің дауыс беру парағы негізінде қабылданады.
20. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың жеңімпазын анықтау бойынша Комиссия отырысы аяқталғаннан кейін Комиссияның хатшысы осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс қорытындыларының хаттамасын рәсімдейді, оған Комиссияның отырысқа қатысқан барлық мүшелері қол қояды.
21. Егер конкурсқа қатысушы дауыс берген Комиссия мүшелері санының жартысынан артығының дауысын алмаған жағдайда, неғұрлым көп дауыс алған екі өтініш беруші бойынша қайтадан дауыс беру өткізіледі.
22. Қайта дауыс берген жағдайда, Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болса, төрағаның дауысы шешуші болып саналады.
23. Конкурстың қорытындыларын шығару мерзімі конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен аспауға тиіс. Көрсетілген мерзім Комиссияның шешімі бойынша, бірақ бір айдан аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкін.
24. Конкурсқа қатысушылар конкурс қорытындыларына Заңда белгіленген тәртіппен шағымдануы мүмкін.
25. Тендер қорытындылары шыққаннан кейін бес жұмыс күннен аспай өткізуші құзыретті орган конкурстың нәтижелерін ресми баспа басылымында біруақытта қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ құзыретті органның ресми интернет-ресурсында жариялайды.
5. Аукционды өткізудегі Комиссияның жұмыс тәртібі.
26. Аукцион аукцион өткізілу туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссиямен өткізіледі.
27. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру аукционы өткізілетін күні Комиссияның хатшысы аукционға қатысушылардың өкілдерін тіркейді.
Тіркелу аукцион басталғанға дейін бір сағат бұрын басталып, аукционның басталуына 5 минут қалғанда аяқталады. Аукционның тіркелген қатысушыларының тізімі Комиссия Төрағасына ұсынылады.
28. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру аукционы ашық түрде, аукционға қатысушылардың қол қойылатын бонустың мөлшері жөнінде өздерінің ұсыныстарын хабарлау арқылы өткізіледі. Аукцион адымының мөлшері аукционды өткізудің жалпы шарттарында қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерінің пайыздық арасалмағында белгіленеді.
29. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру аукционын өткізуге тікелей құқығы Комиссиямен жалданатын, немесе Комиссия құрамы мүшелерінен сайланатын аукционшыға тапсырылуы мүмкін.
30. Аукционға қатысушыларға олар қол қойылатын бонус шамасының кезекті мөлшерін жариялау кезінде, егер де осы соманы білдіруге дайын болған жағдайда, көтеретін берілген тіркеу нөмірі бар тақтайшалар таратылады.
31. Аукцион жер қойнауы учаскесінің атауын, оның негізгі сипаттамаларын, жер қойнауын пайдалану шарттарына талаптарын, аукционды өткізу тәртібін, қол қойылу бонусының бастапқы мөлшерін және аукцион адымын хабарлаудан басталады.
32. Аукционшы аукцион адымының шамасына артқан, бастапқы мөлшеріне тең қол қойылу бонус шамасының бірінші мөлшерін хабарлайды.
Егер бір жолғы төлемнің бірінші мөлшерін хабарлау кезінде және осы мәнді үш реттік қайталауынан кейін аукционға қатысушалардың ешбіреуі тіркеу нөмірі бар тақтайшаны көтермеген жағдайда, аукцион тоқтатылып, өткізілмеді деп танылады.
33. Бір тақтайша көтерілген жағдайда аукционшы тақтайшаны көтерген аукционға қатысушының тіркеу нөмірін атайды. Бірнеше тақтайша көтерілген жағдайда, аукционшы бірінші болып тақтайшаны көтерген аукционға қатысушының тіркеу нөмірін атайды.
34. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру аукционының аукцион адымының өткізілу тізімдемесіне аукционшы атаған тіркеу нөмірі ғана енгізіледі.
35. Әрбір келесі бір жолғы төлемнің мөлшерін аукционшы ағымдағы мөлшерді аукцион адымына артуымен белгілейді.
36. Егер бір жолғы төлем шамасының кезекті мөлшерін үш реттік хабарлаудан кейін аукционға қатысушалардың ешбіреуі реттік нөмірі бар тайқтайшаны көтермеген жағдайда, аукцион аяқталады.
37. Аукционның жеңімпазы болып – жер қойнауын пайдалануға бір жолғы төлем шамасының ең үлкен мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы танылады.
38. Аукционның нәтижелері аукцион өткен күні аукционға қатысқан барлық Комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен рәсімделеді және хабарланады.
39. Аукцион нәтижелері жөнінде хаттамада:
1) аукцион өткізілген жер қойнауы учаскесінің орналасқан жеріне нұсқау мен қысқаша сипаттамасы;
2) Аукционды өткізуге қатысқан Комиссия мүшелерінің құрамы;
3) аукционның жеңімпазы жөнінде ақпарат:
заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің аты, мекен-жайы, мемлекеттік тиесілігі, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу жөнінде ақпарат;
жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің аты-жөні, әкесінің аты (бар жағдайда), заңды мекен-жайы, азаматтығы, тұлғаны куәландыратын құжаттар туралы мағлұмат;
4) қол қойылу бонусының бастапқы шамасы;
5) аукцион нәтижелерімен белгіленген қол қойылу бонусының түпкілікті шамасы;
6) аукционның өткізілмегені туралы ақпарат (себептерін көрсетумен);
7) өзге мағлұматтар көрсетіледі.
40. Аукцион қорытындыларына оған қатысушылар Заңда белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.
41. Аукцион нәтижелерi аукцион қорытындылары шығарылған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей ресми баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялануға жіберілуге, сондай-ақ Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастырылуға тиiс.
6. Комиссия қызметінің тоқтатылуы
42. Комиссия Министрліктің шешімі негізінде өз қызметін тоқтатады.
Көмірсутек шикізатына, көмір және уранға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның ережесіне 1-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашу хаттамасы
Астана қ. ______ жылғы «___» ___________
Конкурстық комиссия мынадай құрамда:
төраға (төрағаның орынбасары) ______________________________________ (аты-жөні)
Конкурстық комиссия мүшелері:
______________________________________________________________ (конкурстық ұсыныстарды ашуға қатысқан төрағаның орынбасарларын қоса алғанда, конкурстық комиссия мүшелерінің аты-жөні)
Конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашу рәсімін жүргізді._________________________________(аты-жөні)
Конкурстық ұсыныстарды мына өтініш берушілер белгіленген мерзімде ұсынды:
1. _________________________________________________________ бойынша (конкурсқа қойылған жер қойнауы учаскесінің (блогының) атауы)
1) ________________________________________________________________;
(өтініш берушінің атауы)
2) ________________________________________________________________;
(өтініш берушінің атауы)
2. _________________________________________________________ бойынша (конкурсқа қойылған жер қойнауы учаскесінің (блогының) атауы)
1) ________________________________________________________________;
(өтініш берушінің атауы)
2) ________________________________________________________________;
(өтініш берушінің атауы)
Конкурстық комиссия төрағасы: _____________________________________________________ (аты-жөні, қолы)
Конкурстық комиссия мүшелері: ______________________________________________________ (аты-жөні, қолы)
Көмірсутек шикізатына, көмір және уранға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның ережесіне 2-қосымша
нысан
Дауыс беру парағы
Р/с
№ Жер қойнауы учаскесінің атауы, жер қойнауын пайдалану құқығының түрі, пайдалы қазба түрі Конкурсқа қатысушы жеңімпаздың атауы
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
_____________ _____________________________________
(қолы, күні) (конкурстық комиссия мүшесінің аты-жөні)
Көмірсутек шикізатына, көмір және уранға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның ережесіне 3-қосымша
нысан
Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс қорытындыларының хаттамасы
Астана қ. ______ жылғы «___» ___________
Конкурстық комиссия мынадай құрамда:
төраға (төрағаның орынбасары) ______________________________________ (аты-жөні)
Конкурстық комиссия мүшелері:
______________________________________(аты-жөні)
______________________________________________________________
(конкурстық ұсыныстарды ашуға қатысқан төрағаның орынбасарларын қоса алғанда, конкурстық комиссия мүшелерінің аты-жөні)
Ұсынылған конкурстық ұсыныстар бойынша дауыс беру нәтижесінде дауыс беру парақтары қоса берілген) ШЕШТІ:
1. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстың жеңімпазы болып:
1. _______________________________ бойынша (конкурсқа қойылған жер қойнауы учаскесінің (блогының) атауы)
________________________________; (жеңімпаздың (аты-жөні) атауы)
2. ______________________________ бойынша (конкурсқа қойылған жер қойнауы учаскесінің (блогының) атауы)
_______________________________________________________ (жеңімпаздың (аты-жөні) атауы)
танылсын.
2. Құзыретті орган ресми баспасөз органында конкурстың қорытындыларын жарияласын.
3. Құзыретті орган белгіленген тәртіппен конкурстың жеңімпаздарымен келісімшарттар жасасын.
4. Мына объектілер бойынша неғұрлым көп дауыс алған екі өтініш беруші бойынша қайтадан дауыс беру өткізілсін:
_______________________________________ (конкурсқа қойылған жер қойнауы учаскесінің (блогының) атауы)
1) __________________________________________________________;
(өтініш берушінің атауы)
2) __________________________________________________________;
(өтініш берушінің атауы)
5. _____________________________________ бойынша (конкурсқа қойылған кен учаскесінің (блогының) атауы)
_________________________________________________________(конкурс өткізілмеген деп тану негіздері)
конкурс өткізілмеген деп танылсын.
Конкурстық комиссия төрағасы ______________________________________ (аты-жөні)
Конкурстық комиссия мүшелері______________________________________ (аты-жөні)
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 14 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10710 болып енгізілді.